Экс-шенеунікке қатысты іс бойынша тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.
— Агенттік бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев және басқа тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Биыл 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді, — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, бұрынғы министр Марат Бекетаев 1,5 жылдай қамауда отырды.
Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.