Қарағанды облысында 60 жастағы азамат балаларды аналарынан сатып алып, зорлап отырған. Ол кәмелетке толмаған балаларды зорлап қана қоймай, порнографиялық материалдар түсірген, деп хабарлайды Qazaq.today.
Полицияның хабарлауынша, ол жас балаларға зорлық көрсетіп, оларды видеоларға түсіру үшін аналарына ақша беруге келіскен.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚК-нің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.
Фото: pixabay
40 преступлений, связанных с торговлей людьми, выявили во время операции «STOP-трафик»