Sorting by

×

Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуі алаяқтық жасағанын мойындады

Фото: Ашық дереккөз

Танымал әнші Сиви Махмудидің экс күйеуі кінәсін мойындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесінің экс жұбайы алаяқтық бойынша айыпталып отыр.

“Сотталушы А.Кажмұханұлы айыбын толықтай мойындайды”, – делінген сот отырысының хаттамасында.

Еске салайық, эстрада жұлдызының экс-күйеуіне қатысты істі сотта қарау басталған еді.

“Сот отырысы сотталушы мен оның қорғаушысы, мемлекеттік айыптаушының қатысуымен орыс тілінде өтеді, сотталушы Қажмұханұлы Аңсарға қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушыны қамауда ұстау мерзімі қылмыстық істі қарау аяқталғанға дейін ұзартылады”, – делінген сот кабинетінде.