«Рейтер» агенттігінің мәліметінше, 6 штатта торнадодан қаза тапқан адам саны 40-қа жеткен. Табиғи апаттан әсіресе Миссури штатты ең көп зардап шекті. Онда 12 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ал Канзас штатында бір мезетте 50 көлік апатқа ұшырады. Оклахомада қатты желден от күшейіп, 150 өрт ошағы тіркелген. Бұған қоса құйын кезінде 4 пойыз аударылды. Штатта төтенше жағдай жарияланған. 350 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды.
Ұлттық ауа райы қызметінің мәліметінше, алдағы күндері торнадо тағы көтерілуі мүмкін.