Sorting by

×

Әнші Рамазан Стамғазиев Көктөбеде таксист болып жүр

Дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев Алматыда таксист болып жүр. Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті, қоғам белсендісі Бекнұр Кисиков оның клиенті болған, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Көктөбеге дейін жаяу шығайын дедім. Бірақ орта жолда шаршап қалдым. Қолымды көтеріп, такси тоқтатып едім, қымбат көлік тоқтады. Ішімнен «рақмет саған, мейірімді адам» деп қоямын», – деп жазады Кисиков өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Оған жүргізушінің түрі таныс болып көрінгенімен, кім екенін нақты есіне түсіре алмаған.

«Кейіннен достарым оның Рамазан Стамғазиев екенін айтты. Көлікте отырғанымда кім екені есіме түспегені өкінішті. Себебі ол менің анамның сүйікті әншісі. Анам үшін әндері жиналған дисктерді жинап, кейбірін интернеттен жүктейтін кездерім де болған», – деді ол. 

Еске салайық, Көктөбе мен Шымбұлаққа жекеменшік көліктердің шығуына, оның ішінде бензин, дизель отынымен жүретін техникаларға толықтай тиым салынған. Тек қана электромобилді таксилерге ғана рұқсат етілген.

Фото: facebook.com/beknurdos