Каспий құбыр консорциумының (КҚК) акционерлері 1,3 миллиард доллар дивиденд алған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Николай Горбан басшылық жасайтын Каспий құбыр консорциумы арқылы биылғы жылдың басынан бастап Теңіз – Новороссийск жүйесі арқылы 11 наурызға дейін 13,5 млн тонна мұнай тасымалданған.
«Теңіз терминалынан 118 танкер жөнелтілді. 2024 жылы терминал 63 миллион тонна мұнай өңдеп, 2,3 миллиард доллар табыс әкелді. Бұл ретте КҚК акционерлері 1,3 млрд доллар дивиденд алды, ал Қазақстан бюджетіне 85 млн доллар (Курсив) салық түскен», — деп жазды prokadrykz телеграм арнасы.