Трамп пен Путиннің қашан сөйлесетіні белгілі болды

АҚШ пен Ресей президенттері жақын арада телефон арқылы сөйлесуі мүмкін. Бұл туралы Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф CNN телеарнасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BBC News-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, екі басшының әңгімесі «өте жақсы әрі нәтижелі болады деп күтілуде».

Стив Уиткофф ахуалдың әлі күрделі болғанына қарамастан, АҚШ «қос тарап арасындағы айырмашылықтарды азайтуға» үлес қосып жатыр.

Күні кеше Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков екі президенттің телефон арқылы сөйлесуін немесе кездесуін қажеттілік болған жағдайда жылдам ұйымдастыруға болатынын айтқан болатын.

АҚШ  президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың жақында Путинмен кездесті. Сөзінше, Вашингтон мен Мәскеудің ұстанымдары «ұқсап келе жатыр». Уиткофф Ресей президентімен бірнеше сағат бойы сөйлескенін, Путиннің Трамптың философиясын «қабылдайтынын» айтты.