13 наурыз күні қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова бизнесмен Саят Салманұлымен ажырасқанын ресми түрде растады. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды.
Саят Тостыкбаев кім?
Сабина Алтынбекованың бұрынғы жұбайы – Саят Тостыкбаев, 37 жастағы алматылық кәсіпкер әрі продюсер. Ол туралы көп ақпарат жоқ, бірақ белгілі деректерге сүйенсек:
- Туған күні: 1988 жылдың 30 шілдесі;
- Мамандығы: Продюсер, кәсіпкер;
- Қызметі: Қазақстандық «Круиз» кинокомедиясының продюсерлерінің бірі;
- Бизнес: 2019 жылы кәсіпкер Бейбіт Әлібековтың спорттық киімдер желісінің таныстырылымында бой көрсеткен.
Сабина Алтынбекова мен Саят Тостыкбаевтың некесі
Сабина Алтынбекова 2020 жылдың желтоқсанында Саят Тостыкбаевпен шаңырақ көтерген. Олардың некесі мұсылмандық неке қию рәсімі (никях) арқылы бекітілген. Бұл туралы Islam.kz порталының бас редакторы Қайрат Жолдыбайұлы да растаған болатын.
Некеден кейінгі өмірі
Саят Төстікбаев әлеуметтік желілерде белсенді болғанымен, некеден кейін Instagram-дағы аккаунтын өшірген. Бұрын оның парақшасына 24 мыңнан астам адам жазылған еді.
Ажырасу себептері
Сабина Алтынбекова бұрын берген сұхбаттарында өзінің өмірлік ұстанымдары – адалдық, сенім және дұрыс таңдау жасау екенін айтқан болатын. Ажырасудың нақты себептері белгісіз, алайда олардың жеке өміріне қатысты мәліметтер көпшілікке қолжетімді емес.
Саят Төстікбаев – Қазақстандағы продюсерлік қызметпен айналысқан кәсіпкер. Оның жеке өмірі көпшілікке жабық болғанымен, танымал спортшы Сабина Алтынбековамен некесі көпшілік назарында болды. Екеуінің ажырасуы қазақстандық жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.