Коллаж: Sports.kz
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) титулын алғаш рет қорғайтын жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Чемпион аустралиялық Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы күрес әдістерін қолданбай, оны тік тұрып жеңетінін айтты.
«Джекке қарсы рингке шығамын және оған тейкдаун мүлде жасамаймын. Бәріне, жанкүйерлерге UFC-дің жартылай орта салмағында ең мықты боксшы екенімді паш етемін, оған «Канелоның стилін» көрсетемін. Жекпе-жегімді міндетті түрде көріңіздер», — деп келтірді Мухаммадтың сөзін Bloody Elbow.
Айта кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов Белалмен екі рет кездесу керек болатын, алайда екі рет те айқас өтпей қалды. Енді Шавкат осы кездесуден кейін Мухаммадпен жұдырықтасады деп күтіліп отыр.