Қазақстанның қаржы министрлігі былтыр бюджетке ең көп салық төлеген 50 компанияның тізімін жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Бюджетке 3 трлн теңгемен «Теңізшевройл» компаниясы ең көп салық төлеуші ретінде көш бастап тұр. ТОП-50 тізімде екінші орынды 1,1 трлн теңгемен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» қазақстандық филиалы жайғасса, үшінші орныда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ тұр. Ең көп салық төлеушілердің тізімінің соңында 46 млн теңгемен «Қазхром» трансұлттық компаниясы» көрсетілген.
«2024 жылғы түсімдерді талдау деректері бойынша министрлік бюджетке ең көп салық сомасын төлеген ТОП-50 салық төлеушінінің тізімін жасады», — деп жазды бүгін Қаржы министрлігінің ресми сайты.
Осы елу компанияның толық тізімін министрліктің ресми сайтынан білуге болады.
Фото: azh.kz