Фото: Stan.kz
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Айта кетейік, мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкердің видеосы желіге тараған еді.
“Бір апта бойы талқыланып жатқан жабайылық деген – осы. Жабайылық деген осы болар, сірә?! Болашағы жарқын болсын десеңіз көкжиегін кеңейтіп, балаларыңыз саяхаттасын, тіл үйренсін, кітап оқысын, білімді мен сауатты заманауи болсын!”, – деп жазды әнші.