Алматы әуежайындағы жағдай бойынша полиция қызметтік тексеруді бастады

Көліктегі полиция департаменті Алматы әуежайында қызды кепілге алған ер адамды ұстауға қатысқан қызметкерлер бойынша түсінік берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Полиция қызметкерлері Алматы әуежайының өкілдерімен бірге оқиға орнындағы жағдайды жедел шешті. Шабуыл жасаған ер адам қызметкерге агрессия көрсеткенін ескере отырып, олар әуежай терминалында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы алгоритмге сәйкес әрекет етті», — деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.