Ресми ажырасу туралы мәлімдеме
2020 жылдың соңында Сабина Алтынбекова кәсіпкер Саясат Салманұлымен шаңырақ көтерген болатын. Ал 2021 жылы ерлі-зайыптылардың ұлы дүниеге келді.
Алайда жақында спортшы Instagram Stories арқылы өз некесінің ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді:
«Сіздерден осы тақырып бойынша көп сұрақ келіп түсті. Иә, мен ресми некеде болдым және қазір ресми түрде ажырастым. Бұл тақырыпты осы жерден жабамын,» – деп жазды Алтынбекова.
Индонезияға деген алғысы
Бұған дейін Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде Индонезияның «Yogya Falcons» клубындағы маусым қорытындылары туралы жазба жариялап, бұл елге деген жылы лебізін білдірген болатын. Алтынбекова тек сұлулығымен ғана емес, табысының молдығымен де қалталы адамдардың тізіміне енген.
Фото: instagram.com/altynbekova