Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы қайта сатылымға қойылды

Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі зәулім үй тағы саудаға шығарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысан барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады», — деп жазылған компанияның ресми сайтында.

Айта кетсек, биыл 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылған еді.