Фото: istockphoto.com
Ақтөбе облысында «Болашақ» кенішіндегі апаттан жарақат алған жұмысшылардың бірі екі аптадан кейін қайтыс болды. Кенші ауруханадан шықпаған күйі қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Ақпаратты «Қазхром» компаниясының баспасөз қызметі растады. Компания моральдық және жерлеу шығындарын өтеуге уәде берді.
Туыстары жұмысшының 10 жылдық орташа жалақысына тең жәрдемақы алады.
«Қызметкер жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күресті. Барлық қажетті маман тартылды. Алайда, барлық әрекетке қарамастан қызметкер қайтыс болды», — делінген HromtauLIVE сайтының хабарламасында.
Еске салсақ,, 28 ақпанда Ақтөбе облысында шахтада апат болып, бір кенші ауыр күйде жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын.