Павлодардағы әуежай 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға байланысты жабылады. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 1 сәуір мен 1 қараша аралығында әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейтумен бірге қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша әуе қатынасы тоқтатылды, – делінген мәлімдемеде.
2025 жылдың қаңтарында Көлік министрлігі Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы туралы хабарлады.