Алматыда тұрғын үй маңында әйелдің мәйіті табылды

Фото: polisia.kz

Алматы полициясы бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желідегі мәліметке сәйкес, әйел «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінің 18-ші қабатынан секіріп, мерт болған.

— Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.