Зайсандағы зілзала: құтқарушылар ШҚО жер сілкінісінен кейін мониторинг жүргізіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Qazaq.today.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуі Зайсан ауданында болған.

«8 наурыз күні Астана уақытымен 08:29-да Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Зайсан қаласынан 48 шақырым қашықтықта, таулы аймақта болды. Жер сілкінісінің қарқындылығы Зайсан маңында 2 баллды құрады», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген. 8 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысында болған жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары аймақта тексеру жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылар гидротехникалық құрылыстарды, сел және көшкін қаупі бар аймақтарды, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін тексеріп шықты.

Фото: depositphotos.com