Қарағанды облысында екі бухгалтер мемлекеттің ақшасын жымқырған. Олар білім саласына бөлінген 300 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлаған, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.
Бас прокуратура мәліметінеше күдіктілер жалақыны артығымен аудару арқылы қаржы қымқырған. Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.
«Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты», — делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.