Шымкентте 5-сынып оқушысы өзіне қол салды

Шымкентте №9 IT лицейінің 5-сынып оқушысы өз үйінде өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мектеп басшылығының мәліметінше, мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін.

Қалалық полиция департаменті оқиғаны растады.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеудің мүддесіне байланысты өзге мәлімет жария етілмейді, — деп хабарладық қалалық ПД.