Фото: kff.kz
Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынын Албанияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Екі құрама арасындағы кездесу қазақстандық уақытпен 18:50–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл кездесуге жарақатына байланысты Лео Игита мен Дуглас Жуниор шақырылған жоқ. Тізімге 16 ойыншы енгізілген.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы іріктеу кезеңінде төрт ойын өткізді. Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді.
Қазақстандық футболшылар алтыншы топта сынға түсіп жатыр. Қазір турнир кестесінде төрт турдан кейін он ұпаймен Армения бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындағы Қазақстанның еншісінде жеті ұпай бар.
Әр топта бірінші орын алған құрамалар құрлықтық додаға тікелей жолдама алса, екінші орындағы құрамалар қосымща жолдамаларға таласады.
Ел құрамасы Еуропа чемпионатында 2005 жылдан бері бақ сынап келеді. 2016 жылы үшінші орын алса, 2018 жылы төртінші орынға тұрақтады.