Фото: Instagram/zhazira_bairbekova
Жазира Байырбекова визажистермен айқасып, шу шығарды. Ашуға берілген әнші бағдарлама түсірілімі алдында бет әрлеушінің немқұрайлығына шыдай алмай, айқаса кеткен, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Менің ашуланып, сөзге келуім – өте сирек құбылыс. Екі жылда бір болатын шығар, бірақ осы бағдарлама түсірілімінің алдында бет әрлеушімен сөзге келдік. Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарап, маған «бетіңізді жақындатыңыз, үстелге жақын отырыңыз» деп дөрекілік көрсетіп, «Тұмар» ансамблін қабылдамай, телефон қарап отыр. Содан басталды бәрі», – деді ашуға берілген Байырбекова.
Желі қолданушылары әншіні қолдап, сабырға шақырды.
«Сізге сабыр берсін», «Мұндай қызметкерлерді жұмыстан қуу керек», «Бағдарламаның атын неге айтпайсыз? Айту керек», «Намысшыл болсаң, сондай болады», – деген сарында пікір білдірушілер саны көп болды.
Еске салайық, әнші бұған дейін өзін күйеуінің соққыға жығып тұрғанын айтқан еді.