Фото: astanatv.kz
Белгілі әнші Нұрболат Қанай 8-наурыз мерекесі күні жұбайына құны 3 миллион теңгенің затын сыйға тартатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әнші мерекеге арналған жоспары туралы «Revue news» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Құны қымбат (ред. – сыйлық) болады. Бірақ не сыйлайтынымды айта алмаймын. Күшті бір сыйлық дайындадым. Құны 3 млн теңге деп айтайыншы. Ол не екенін айтпаймын», — дейді әнші Қанай.
Бұдан бөлек актер Шерхан Пірназар әйеліне фитнеске абонемент алып берсе, актриса Томирис сыйлыққа бөлмесіне қоятын картина күтетінін айтты.