Астана-Петропавл бағытындағы тас жолдың 447 шақырымында үш көлік бір-біріне соғылып, бір адам жараланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақмола облысының полиция департаменті хабарлағандай, апат салдарынан «Киа», «Фольксваген» және «Лексус» маркалы үш көлік соғылған. Бір адам аудандық ауруханаға түскен.
«Оқиға бүгін 6 наурыз күні болды. Осы апатқа байланысты тергеу басталды, соның қорытындысы бойынша кінәлі адам анықталады», — деп хабарлаған Ақмола облысының полиция департаменті.