Павлодарда кәріз құбырынан шала туған нәрестенің мәйіті табылған

Сәбидің денесі 20 сәуір күні шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберісінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау кезінде шыққан, деп хабарлайды Qazaq.today.

“ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады”, – делінген Полиция хабарламасында

 

Qazaq.today