Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары Руслан Берденовтің жемқорлық жоқ деген мәлімдемесіне пікір білдірді.
Ол әр азаматтың өз пікірі бар екенін, бірақ экс-депутаттың пікіріне баға бергісі келмейтінін қоса кетті.
Дегенмен бізде қай салада болмасын, тіпті азаматтардың өміріне, бала-шағамыздың құқығына тікелей әсер ететін білім мен медицина салаларында да жемқорлықтың бар екенін көріп отырмыз. Қаншама лауазымды тұлғалар ұсталып жатыр, – деді Аралбайұлы.
Депутат елде жемқорлық түбегейлі жойылды деп айта алмайтынын мойындады.
Жемқорлық барлық салада жойылды деп айта алмаймын. «Құрылыс саласында жойылды ма?» деп тікелей сұрасаңыз, «жойылды» деп те айта алмаймын, – деді ол.