Фото: Polisia.kz
Әлеуметтік желіде Алматыдағы
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталды деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Оған қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнен мәлім еткендей, бұл адам ұсталған кезде ішкі істер органдарының қызметкері болмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
— Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген заң бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады және тергеуді жүргізетін органдарға жан-жақты көмек көрсетеді, — деп түсіндірді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.