Фото: satu.kz
Танымал әнші Қуандық Рақым әріптесі Қарақат Әбілдинаға берген сұхбатында өзінің демалысы қалай өтетінін айтып берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, демалу әдісіне өнердегі әріптестері қатты таң қалатын көрінеді.
«Менің демалысыма әріптестерім, бәрі таңғалады. Мен клубқа бармаймын, кальян шекпеймін, карта ойнамаймын, ішімдік ішпеймін, темекі тартпаймын. Менің демалып, ләззат алуыма дастархан басында бауырларыммен әңгіме айтып, шай ішу жеткілікті. Таза қазақша», — дейді Қуандық Рақым.
Посмотреть эту публикацию в Instagram