Астанада құны 100 млн теңге болатын есірткі тәркіленді

Фото: polisia.kz

Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды.

Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.