«Әкені тура жолға салатын сен емес»: Нұрлан имам оқырманына ақыл айтты (ВИДЕО)

Нұрлан имам желідегі парақшасында әкелер туралы ой қозғап, оқырманының сұрағына жауап берді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әкемді не Оразаға, не намазға, не Умраға баруға үгіттей алмай жүрмін, арағын да қоймайды. Не айтсам да көнбей жатыр деген оқырман сауалына Нұрлан имам төмендегідей жауап береді.

«Қызметіңді жаса. Мас болып келсе, қол-аяғын сүйіп, қызметіңді жасай бер болды. Көндіру, тура жолға түсіру менің де, сенің де қолыңда емес, ол Алланың қолында. Алла жүрегіне салсын. Он мың адам Алла тағала жүрегіне салған адамдар. Бұлар Құдайға жаққан адамдар. Сондықтан соған қызмет жасай бер. Саған қарап отырып, мен осындай бала тәрбиелеген екенмін деп әкең өзі қойып кетеді. Балалар, әкемен ешқашан салғыласпаңдар. Әкенің өміріне жетіп алыңдар. Әкеңнің белі сендер үшін ауырған. Арақ ішіп жүріп сендерді аяққа қойған. Өзі арам ішсе де, сенің ауызыңа адал тамақ салған — әке. Сондықтан қызметіңді жасай бер, болды», — деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Нұрлан имам (@nurlanimam.kz)