Димаш Құдайберген әйгілі Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынды (ВИДЕО)

Фото: pricom.kz

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болды:

  •  I’m Your Baby Tonight — Уитни Хьюстон
  •  Without You, Dreamlover — Мэрайя Кэри
  •  Bleeding Love — Леона Льюис
  •  She Bangs — Рикки Мартин
  •  Crash and Burn — Savage Garden
  •  A New Day Has Come — Селин Дион
  •  You’re Not From Here — Лара Фабиан
  •  My Heart Will Go On — Селин Дион

Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазды: Сұлу қыз пен құбыжық, Аладдин, Геркулес, Оққағар.

Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы Димаштың Love’s not over yet атты жаңа әнін ұсынады.

Премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаштың YouTube арнасында жарияланады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aida Balayeva (@aida_balayeva)