«Қазақстаннан қашып кеткен»: Бас прокуратура Нығматулиннің бюджет қаражатын ұрлағанын мәлімдеді

Дереккөзге сүйенсек, Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Және Арғын Нығматулиннен басқа бұл істе тағы бірнеше күдікті бар тәрізді.

«Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Арғын Ниғматулин мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Ниғматулин күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды», — деп хабарлады прокуратура.

Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.