«Қолын футболкасының астына салған»: мұғалім 9 жастағы қызды сабақ үстінде қорлаған

Өзбекстанда сурет салу пәнінің мұғалімі 9 жастағы оқушы қызға тиіскен. Ол биыл ақпан айында бірнеше сабақ барысында ол қыздың кеудесіне қолын тигізіп, қолдарын футболкасының астына салып, сүйіп, тұншықтырған, содан кейін оның реакциясын қызық көріп, бақылаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«НеМолчи» қоғамдық қоры қызметкерлеріне қыздың анасының айтуынша, қыз оны қайтадан сүймек болған кезде бетінен ұрғанға дейін алты сабақ бойы шыдаған. Кейін анасына бәрін айтып берген.

«Ананың айтуынша, арызданғаннан кейін ол басқа балаларды да қорлағаны белгілі болды. Алайда олардың ата-аналары құзырлы органдарға хабарласудан бас тартты. Білім беру мекемесінде камералар болған жоқ, сондықтан баланың сөзін растайтын қосымша дәлел жоқ», — делінген хабарламада.

Қыздың анасы арыз жазды. Іс аудандық ішкі істер бөліміне берілді, сот-медициналық сараптама жүргізіліп, айыпталушыдан жауап алынды, бірақ ол бәрін жоққа шығарды.

Орталық директоры анасының сөзін растап, мұғалімге этика және өзін ұстау қағидаттары туралы түсініктеме бергенін, бірақ ол оны елемегенін айтты.

«Алайда тергеушілер психологиялық-педагогикалық сараптама тағайындамады, қосымша тексерулер жүргізбеді, әлі күнге дейін қылмыстық іс қозғамады. Қыздың анасы 1 наурызда тергеуші оған сотқа дайындалу керек деп, ӘҚБтК-нің 41-1 бабы бойынша материалдар сотқа жіберілгенін айтты. Сонда іс әкімшілік кодекс аясында қаралса, жәбірлеуші көтеретін жаза – 5 тәулікке қамау бола ма?» – деп хабарлады қордағылар.

Ал тоғыз жасар бала әбден қорқып қалған. Анасының айтуынша, қыз қатты күйзеліске ұшырады. Ұйқысы бұзылып, еркектерден, тіпті жақын туыстарынан қорқады, бұрын сүйікті ісі болған сурет салудан да бас тартты.