Абай облысында әйел мен оның жаңа туған сәбиі көз жұмды: полиция тергеуді бастады

Абай облысында әйел мен оның жаңа туған сәбиінің өлімінен кейін полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Үржар аудандық полиция бөлімі медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Үржар аудандық ауруханасында үш баланың анасы мен оның жаңа туған сәбиі қайтыс болды. Отбасы мүшелерінің айтуынша, 34 жастағы әйел медициналық мекемеге босануға келген, оған дейін өзін қалыпты сезінген.
Көз жұмған келіншектің туыстары дәрігерлерді жауапқа тартуды талап етіп отыр. Ауруханада арнайы комиссия тексеріс жұмыстарын бастады.