Ақтөбе облысында карантин жарияланды

Ойыл ауданындағы шаруа қожалығының бірінде сиырлардан қауіпту вирус табылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды.

Күйдіргі жұқтырған 4 сиыр бірден арам қатқан. Бұл қауіпті індет тек ірі қарада кездеседі. Қарасан анықталған «Мәтжат» қожалығында қазір қырықтан аса аша тұяқты бар. Оны қорадан шығармай қамап ұстап отыр.

«Карантин жарияланды. Бүгінде эпидемияға қарсы мемлекеттік мекеме сауықтырып жатыр. Ауру белгілері: үш айдан үш жасқа дейінгі, яғни жас мал ауырады», — деді Ақтөбе облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында мал союға, тасуға қатаң тыйым салынды. Былтыр 20 қарашада «Асыл-Агро» шаруа қожалығының мал сою цехы аумағында өлген малдан сібір жарасы анықталғаннан кейін шаруашылық аумағына карантин енгізілді.