Ташкентте сурет пәнінің мұғалімі 9 жастағы оқушы қызға тиіскен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
NOVA24.uz басылымы таратқан деректерге сүйенсек, 25 жастағы ер адам қыз баланы сүйіп, киіміне қол жүгіртіп, тұншықтырған.
Оқиға ақпан айында жеке оқу орталығында болған.
Қыз бала анасына шағымданып, бірнеше сабақ бойы мұғалімі өзіне қол жүгіртіп, сүйіп, тұншықтырып, одан соң оны реакциясын байқап, жібере салғанын айтқан.
Алтыншы сабақта қыз бала сүйгелі жатқан ер адамды бетінен салып жіберген. Қыздың анасы арыз берген соң ол басқа балаларға да тиіскені анықталды деп отыр.
Алайда ата-аналар құқық қорғау органдарына жүгінуден бас тартқан.