Қазақстандық таэквондошылар Болгарияда 14 медаль жеңіп алды

 Фото: Таэквондо Федерациясы

Болгария астанасы София қаласында таеквондодан Bulgaria Open халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Ересектер арасында Қазақстан командасы 1 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ерлер арасында 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мақсат Орынбасар жарыста қарсылас шақ келтірмей, Bulgaria Open жарысының жеңімпазы атанып, алтын жүлде алды.

Ал күміс жүлдеге Әзірет Дүйсенбек (54 кг), Бектөре Оралхан (58 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабев (87 кг) және Нодира Ахмедова (49 кг) қол жеткізді.

Ал үздік үштіктен көрініп, қолаға қол жеткізген спортшыларымыз — Артур Серік (54 кг), Аманбол Бегімбетов (63 кг), Дамир Шуленов (68 кг), Мерген Ғаниев (80 кг), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Нұрай Қазынабек (57 кг) және Камила Аймұқашева (62 кг).

Айта кетейік, Есбол Сұлтанов баптайтын Қазақстан құрамасы үшін бұл 2025 жылдағы алғашқы халықаралық жарыс.