Фото: UFC
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2-0) UFC-де алғаш рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Қазақстандық спортшы Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFCVegas 103 кешінің басты жепе-жегінде португалиялық файтер Манель Капемен (20-7-0) айқасты.
Бес раундқа жоспарланған айқас, үшінші раундтың ортасында аяқталды. Асу қарсыластың ауыр соққысына төтеп бере алмай, октагонды айнала жүгірді. Осы кезде, төреші жекпе-жек аяқталды деп жариялады.