Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарларына үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстік 175 бабы 1 тармағы, 179 бабы 3 тармағы, 362 бабы 4 тармағының 3 тармақшасына сәйкес 18 жылға сотталды, сонымен бірге,  оның бүкіл мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Ресми мәліметке сәйкес, К.Мәсімов пен  оның орынбасарларына мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, лауазымдық құзіретін асыра пайдалану айыбы тағылған.

Д.Ерғожин 15 жылға, А.Садықұлов 16 жылға, М.Осипов 3 жылға сотталды.

Іс «аса құпия» белгісімен қаралды.


Qazaq.today