Фото: minsknews
Талдықорғанда бір топ адам жас жігітті соққыға жығып, артынша мойнын пышақтап тастады. Өзімен өзі жүрген жігіт ессіз күйщде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Видео Telegram желісіндегі Egov.press каналында жарияланды. Мәліметке сүйенсек, жас жігіт ауруханаға жеткізілген. Жағдайы ауыр күйде.
Оқиғаны куәгерлер толықтай видеоға түсіріп алған. Жедел-жәрдем мен полицияны да куәгерлер шақырған. Ал қаскөйлер пышақталған жігітті өздерімен бірге сүйреп алып кетпекші болған.