Маңғыстау облысында 10 келіден астам қара уылдырық тәркіленді

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласында 34 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жеке тінту кезінде одан 5 келі 185 грамм қара уылдырық табылып, тәркіленді.

Кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, полиция тағы 5 келі 800 грамм қара уылдырық тәркіледі.

Тергеу жалғасуда.