Конгоның Басанкусу қаласында белгісіз дерт тарап, халық жаппай ауруға шалдығып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Аурудың жаппай орын алуы 21 қаңтарда басталды. Сол кезден бері 419 жағдай тіркеліп, 53 адам қайтыс болды. Аурудың өлім-жітіммен аяқталу болжамы – 5,5%», — делінген Басанкусу қаласының билігі таратқан ақпаратта.
Науқастарға жасалған экспресс-сынамалардың жартысы безгекке оң реакция берген. Ауырып қалғандарда қызба, қалтырау, бас ауруы, буындардың сырқырауы сынды симптомдар байқалған.