Елімізде АЭС салынатын орын белгілі болды

Еліміздегі алғашқы атом электр станциясы Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған құжаттан белгілі болды. Қаулы 30 желтоқсанда қабылданған.

«Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы»ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», – делінген қаулыда.

Қаулы бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.