ҰҚК-ның бұрынғы төрағасының үйі сатылымға шығарылғаны бұған дейін хабарланған еді.
Аталған үйдің бірінші сатылымында өтпеуіне ешқандай қатысушының тіркелмеуі себеп болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Осылайша, Кәрім Мәсімовтің үйі сауда-саттықтың бірінші сатылымында өз иесін таппады. Оған электрондық сауда алаңының сайтындағы деректер дәлел.
– Аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Аукцион залында бірде-бір қатысушы бастапқы бағаны растамаған, – деп жарияланған хабарламада.
Еске салайық, ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған-ды. Оның бас бостандығы 18 жылға шектелді.