Түркістанда тұрғын үйден 2 млн теңге ұрлаған қарақшы ұсталды

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен  Қызылорда облысының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Qazaq.today Polisia — ға  сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға наурыз айында болған. Келес аудандық полиция бөліміне келген жергілікті тұрғын түсте үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне физикалық күш көрсетіп, аяқ-қолын байлап, жатын бөлмесінен 2 млн теңге ұрлады деп арыз түсірген.

«Аталған факті ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркеді.  Шұғыл-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын, күдіктіні ұстады. Ол әрекетін толық мойындады. Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің сыбайласы, Келес ауданының тұрғынын да анықтады», — деп хабарлады бұл іске қатысты Polisia сайты.

Қазір қарақшылық шабуыл дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынған.

 

Qazaq.today