Шығыс Қазақстанның екі ауданында жұмыс уақыты өзгерді

Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты 1 сағатқа кейінге шегерілді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жаңа жұмыс тәртібі 24 ақпаннан бастап күшіне енді.

Енді бұл аудандарда жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Аудан әкімдіктерінің мәліметінше, өзгеріс өңірдің табиғи жағдайына бейімделу мақсатында енгізілген. Ерте таң атып, күннің кеш батуы ескеріліп, тұрғындардың күндізгі уақытты тиімді пайдалануы үшін осындай шешім қабылданды. Бұл бастама жергілікті халықпен талқыланып, облыстық басқарма басшыларынан құрылған мобильді топтар тарапынан зерделенген.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай жұмыс тәртібі Катонқарағай ауданында енгізілген болатын. Қазіргі таңда ол аудандағы 40 мекеме 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді.