9 мамырда әскери шеру өтпейді

Биыл 9 мамырда Қазақстанда әскери шеру өткізбеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлім етті.

Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

«Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі», —  делінгенминистрлік хабарламасында.

Qazaq.today