Түбі Украина жеңеді, РФ-ны жаңа қиындықтар күтіп тұр. Сарапшы әлемдік саясқатқа қатысты пікір білдірді

Зеленский Трамптан қорқып, не Ресейден ығып — литий қорын АҚШ-қа бере салмады. Ресейге «Украина жері толық қайтарылсын» деген талапты өзгертпеді.. Ол украиндерді біріктірген Ұлттық Геройға айналып барады…
Осындай көшбасшысы бар елдің жойылып кетуі мүмкін емес.

Украина өз ракеталарын өндіре бастады. Дрондар бойынша айқан басымдыққа ие болды.
Қару-жарақ өндірісі бойынша ЕО-пен бірлескен үш зауыт ашылайын деп жатыр. Оған қаржы бөлінген.
АҚШ-та толқулар енді басталып келеді. Онда Трампқа импичмент туралы айтыла бастады.
Республика партиясының көпшілігі Украинаны қолдап отыр. АҚШ Ресейді Қытайдан өзіне бұрам деп, Канада, Оңтүстік Америкаға 25 пайыз ставканы көтерді. Канада өз саудасын Еуропаға және Қытайға, Азияға бұруға көшті. Еуроодақ өз алдына бірігу шешімін қабылдауға ниетті екенін көрсетті.
Макрон АҚШ-қа кетті, Трампқа «ақымақ болма» деп айтуға…

Сондықтан, біз де ақылмен сараптап, тып-тыныш өз шаруамызды жасай бергеніміз дұрыс…
Түбі Украина жеңеді. Ресейдің 300 млрд ақшасы оған инвестиция болып келеді. Қазір, бүкіл Еуропа Украинада кәсіпоындар ашу жобаларын жасап жатыр. Украина — Еуропаны оятты.
Польша сеймі — Украинамен бұрын территориялық келіспеушілік болғаны рас. Бірақ ол мәселе енді тарих болып қана қалады деп мәлімдеді.

Прибалтика — Украина үшін барын береді. Швеция мен Финляндия осы қатардан табылады.
Зеленский — болашақта Жаңа Еуроодақтың Шығыс бөлігі құрылуы мүмкін деді. Сөзінің жаны бар.
Ендеше, өз қайшылығы бастан асқан, мұнай өндірісі 30 пайызы істен шыққан РФны жаңа қиындықтар күтіп тұр… Қытай да оған ашулы бола бастады…

Пікір иесі: философ-публицист Әбдірашит Бәкірұлы