фото: IBA сайты
Болгария астанасы Софияда бокстан 76-рет ұйымдастырылатын Странджа халықаралық турниріне қатыстатын Қазақстан құрамасы белгілі болды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Федерация өкілдері турнирге Сағындық Тоғамбайдың қатыспайтынын атап өтті. Боксшының қазіргі уақытта қалпына келу кезеңінен өтіп жатқаны белгілі болды. Ол сәуір айында шаршы алаңға шығады.
Странджа турниріне қатысатын ерлер құрамасы:
- 48 келі. Теміртас Жүсіпов, Санжар Тәшкенбай;
- 51 келі. Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров;
- 54 келі. Махмұд Сабырхан, Тимур Қабдешов;
- 57 келі. Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев;
- 60 келі. Талғат Сырымбетов, Серік Теміржанов;
- 63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов;
- 67 келі. Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев;
- 71 келі. Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов;
- 75 келі. Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсейітов;
- 80 келі. Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас;
- 86 келі. Нұрбек Оралбай, Бекзат Нұрдәулетов;
- 92 келі. Данияр Рахымбердинов;
- 92 келі. Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай.
- Әйелдер құрамасы
- 48 келі. Әйгерім Сәттібаев, Ақбота Болат;
- 50 келі. Гүлнар Тұрапбай, Елянур Турганова;
- 52 келі. Жазира Орақбаева, Жансая Рахымберді;
- 54 келі. Элина Базарова, Әнел Сақыш, Сымбат Әлиасқар;
- 57 келі. Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова;
- 60 келі. Римма Волосенко, Анар Тұрсынбек,
- 63 келі. Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева;
- 66 келі. Ұлдана Таубай, Гаухар Шайбекова;
- 70 келі. Әзиза Исина;
- 75 келі. Шұғыла Нәлібай, Анастасия Баязитова;
- 81 келі. Жібек Жарасқызы;
- +81 келі. Ләззат Күнгейбаева, Дина Исламбекова.