Ақтөбе облысында спорт метептерінің директорлары бюджет қаражатын ойынға тіккен

Фото: ustinka.kz
Ақтөбе облысында екі спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерге салып жіберген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 
Екі бірдей балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары 12 млн теңге бюджет қаражатын ойынға тіккен.
«Директорлар спорт алаңдары мен залдарды жалға беріп, одан бюджетке түсуге тиіс ақшаны өз пайдасына жаратқан. 12 млн теңгеден астам қаражатты букмекерлік кеңселердегі ұтыс ойындарына салған», — дейді ведомство.
10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.